мектеп тарихы » "Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Жаңатілеу орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
04
сентябрь
2018

мектеп тарихы

Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-ң тарихы.

Қазан төңкерісінің алдында Басқан өзенінің төменгі алқабында қоныс теуіп жүрген көшпелі қауым елге нағашы жұрты болғандықтан белгілі Алаш басшысы, қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаев отырықшылдыққа шақырып, насихат береді. Білім алуға, бала оқытуға мектеп – медреселер ашуға көмектесіп отырады. Оған сол елдің ру басшысы, бай көпес Сыйқымбай Қажының Сүлеймен, Хасен, Қасым және Дерехайдың Омары деген туыс балалары қаржылай көмек жасайды. Қажының «Көк тамында», Тайкісінің аралында, «Құм кешу» бекетінде алғашқы мектептер ашылды. 1920 ж бастауыш қазақ мектебі ашылып, Хамит Жұмағұлов ұзтаздық етті. 1928 ж «Бірлікті», «Жаңатілеу» және «Құмжарған» елді мекендерінде бастауыш мектептер ашылып, оларда Басшыбаев Хасен, Нүсіпов Бейсенбай, Жақанбай алғашқы ұзтаздар болды. «Құм жарғанда» мектеп және діни медресе болды, онда Қалиев Қазанғап мұғалім боды. Қалдыбай қажы баласы Әбілғапар «Жаңалық» ауылы балаларын қазақ үйде оқытып, сауаттарын ашты. Школыде Мыңбаев Түкті, Садықов, Смағұлов, Қойшыбаев Махмет, Рапиянов Сайділда, Башыбаев Хасен, Нүсіпов Бейсенбай, Шүрегеев Балтабай және Жақанбай, Тоқтыбаев Хамит, Қалиев Қазанқап алғашқы ұзтаздар болды. «Құм кешудегі» және Сыйқымбай қажының «Көк тамдағы» мектептері бертінде «Жаңатілеуге» көшіріліп әкелінді.
1937 жылы асар жасап кірпіштен жаңа бастауыш мектеп үйі салынды. 1952 жылы төрт ұжымшар біріккеннен кейін «Жаңатілеу» мектебі жеті жылдық, кейін сегізжылдық мектеп болды. 1982 жылы орта мектепке айналды.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Еліміздің тірегі - білімді ұрпақ . Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға –ұстаз. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі үнемі өз білімін ұдайы жетілдіріп отыру, оқушының жеке қабілеттерінің даму ерекшеліктерін білетін, ұйымдастырушылық, танымдық қызығушылығы жоғары, оқушылардың өзіндік жұмыс жасауына жағдай жасай алатын, білім технологияларын толық меңгерген, өз пәнін жетік білетін маман болуы керек.
Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің ұжымы 2016-2017 оқу жылында «Преподавателидің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыра отырып, оқушыларға нәтижеге бағдарланған білім беру» өзекті мәселесін алдына қойып жұмыс істеп жатыр. Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен отдела образования Кербулакского районанде 29 мұғалім қызмет етті. Оның ішінде жоғары білімді: 28 (96.6%), арнайы орта- 1 (3.4%) .
Санаты бойынша: жоғары санатты-6 яғни 20,7%; бірінші санатты -6, яғни 20.7%; екінші санатты-10, яғни 34.5%; категориясыз-7, яғни 24.1%.



2016-2017 оқу жылы аудандық пән олимпиадасына 9 оқушы қатысты: 2 оқушы- 1ші орынды; 2 оқушы-2-ші орын; 3 оқушы- 3-ші орынды иеленді, 2 оқушы Сапасы: 77,8 % . Облыстық пән олимпиадасында тарих пәні бойынша 10 сынып оқушысы Бейсебаева Арина ІІІ-ші орынды иеленді./ пән мұғалімі Қ.И.Қамысбаева /. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11 сынып оқушысы Әмірбек Сымбат облыстық пән олимпиадасында ІІ-ші орынды иеленді, республикалық кезеңде «Алғыс хатпен» марапатталды. /мұғалімі М.А.Берлибекова /
2015-2016 оқу жылы «Зерде» шығармашылық жоба байқауына 7 сынып оқушысы Сұлтан Сырым (жетекшісі Қ.Қамысбаева), 6 сынып оқушысы М.Ахметжан (жетекшісі Г.Адилжанқызы) қатысып, облыстық сертификатпен марапатталды. 2016-2017 оқу жылы математикадан 6 сынып оқушысы Асқарқызы Назерке 1 орын, облыстан 3 орын
2016-2017 ож «Дарын» ғылыми жоба байқауында қазақ тілі пәні бойынша 11 сынып оқушысы Әмірбек Сымбат ІІІ-орынды иеленді. (жетекшісі М.Берлибекова); тарих пәні бойынша 8 сынып оқушысы Сұлтан Сырым ІІІ –орынды иеленді (жетекшісі Қ.Қамысбаева)
2015-2016 оқу жылы «Абай-Шәкәрім» оқуларының «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Советбек Айдана 2-ші орын , «Құлақтан кіріп, бойды алар» кезеңінде «Жас қанат» номициясымен 7 сынып оқушысы Орынтай Ақнұр марапатталды. / жетекшісі А.Абденова/. Аудандық «Шаханов оқуларына» қатысқан 8 сынып оқушысы Әділбек Маржан «Жас ақын» номинация иегері атанды. / жетекшісі А.Дайынова/ Аудандық «Пушкинские чтения» қатысқан «АлСер» командасы «Алғыс хатпен» марапатталды. / жетекшісі С.Кусмолдина/. Аудандық «Ілияс оқуларына» қатысқан 5 сынып оқушысы Ержігіт Нұрай «Алғыс хатпен» марапатталды /жетекшісі М.Берлибекова/ .Аудандық «Мұқағали оқуларына» қатысқан Асқарқызы Назерке 5 сынып оқушысы 1 орын иегері атанды /жетекшісі М.Берлибекова/. Аудандық «Терібаев оқуларына» қатысқан Дәулен Зарина 8 сынып оқушысы «Алғыс хатпен» марапатталды. ./ жетекшісі А.Абденова/.Аудандық «Яссауи оқуларына» қатысқан 8 сынып оқушысы Әділбек Маржан 3 орын иегері атанды. / жетекшісі Қ.Қамысбаева/
«Ақ бота» интеллектуалдық марафонына 20 оқушысы қатысып, 7 сынып оқушысы Ташен Анель 3 дәрежелі дипломмен, 9 сынып оқушысы Бейсебаева Арина жүлделі 3 дәрежелі дипломмен, 7 сынып оқушысы Орынтай Ақнұр 1 дәрежелі дипломмен, 5 сынып оқушысы Кеңесханқызы Аружан 1 дәрежелі дипломмен, 5 сынып оқушысы Ержігіт Нұрай 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Золотое руно» халықаралық байқауында 7 сынып оқушысы Асанұлы Адай 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды (мұғалімі А.Нұрғожина). «Кенгуру- математика для всех» халықаралық инттелектуалдық байқауында 3 оқушы қатысып, 7 сынып оқушысы Талғат Әмір 1-ші дәрежелі дипломмен (мұғалімі Г.Н.Камбаева), 3-ші сынып оқушысы Саяхмет Жайық 1-ші дәрежелі дипломмен (жетекшісі Ж.Мақұлбекова) марапатталды. «Мұқағали оқуында Асқарқызы Назерке» облыстық кезеңде 2-ші орын алып, республикадан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2016-2017 оқу жылы «Ілияс» оқуы» 6 сынып оқушысы Ержігіт Нұрай«Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.
2015-2016 оқу жылы Делфий ойындарына 6 сынып оқушылары Дәулетқызы Ақмаржан мен Сартаев Қуандық ән саласы бойынша қатысып, облыстық сетификатпен марапатталды (жетекшісі С.Кузбаев). 6 сынып оқушысы Сартаев Қуандық «Платон» халықаралық сурет байқауына қатысып, сертификатпен марапатталды (жетекшісі Г.Иманкасенова). 5 сынып оқушысы Кеңесханқызы «Платон» халықаралық қолданбалы-өнер байқауына қатысып, сетификатпен марапатталды. (жетекшісі Д.Муса).
«Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 9 сынып оқушысы Бейсебаева Арина мен тарих пәні мұғалімі Қ.И.Қамысбаева қатысып, жоғары деңгейде баяндама жасағаны үшін сертификатпен марапатталып, жинақтың 3-ші томына енгізілді.
Республикалық "Ұлы дала елі" байқауы бойынша ғылыми жобасына "Баубек - асылдың сынығы, батырдың- соңғы тұяғы" тақырыбында 7 сынып оқушысы Асанұлы Адай қатысып, "Алғыс хатпен" марапатталды. /Пән мұғалімі А.Н.Нургожина/ 2017-2018 оқу жылының 1-ші тоқсанында мектеп төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
1. «Ілияс оқуынан» 7сынып оқушысы Ержігіт Нұрай «Арнайы жүлде МАН физика пәнінен 10сынып оқушысы Даулен Зарина І-орын, жетекшісі Ф.Еркинбекова. МАН қазақ әдебиеті пәнінен 6сынып оқушысы Сейлхан Нұрбол ІІ-орын, жетекшісі А.Абденова. МАН география пәнінен 9 сынып оқушысы Сұлтан Сырым ІІІ-орын, жетекшісі З.Толкынбекова. «Абай, Шәкәрім оқуларының» 8сынып оқушысы А.Дәулетқызы ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Жас өнерпаздар» фестивалінің қолөнер номинациясы бойынша 7сынып оқушысы Кеңесханқызы Аружан ІІ –дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Лучший портфолия» номенациясы бойынша физика, информатика пәндерінің мұғалімі Ф.Еркинбекова марапатталды.
Преподавателидің кәсіби байқауларының нәтижелері:
Аудандық «Ең үздік ActivStudio преззентациясы-2016» байқауында қазақ тілі пәні мұғалімі А.Дайынова жүлделі 2-ші орын алды.
Аудандық «Лучший флипчарт» байқауында даярлық топ жетекшісі Б.Қойшыбаева жүлделі 3-ші орын алды.
Аудандық «Лучший ауыл мектебі-2016» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталдық.
Аудандық «Лучший ауыл мектебі-2017» байқауында жүлделі 3 орынмен марапатталдық.
«Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі-2016» байқауына бастаыуш сынып мұғалімі Ж.Макулбекова қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Лучший педагог» байқауына тарих және география пәні мұғалімі Г.Адилжанқызы қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив